«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» Кешені» КММ
2026–2027 оқу жылына талапкерлерді қабылдайды
Негізгі орта білім (9-сынып негізінде) Оқу мерзімі:3 жыл 10 ай
Оқыту тілдері: қазақ, орыс
Мемлекеттік үлгідегі диплом
Мемлекеттік стипендия төленеді
«Фортепиано» мамандығы
Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер»
«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» мамандығы
Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр/ансамбль артисі (жетекшісі)»
«Ішекті аспаптар» мамандығы
Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр/ансамбль артисі (жетекшісі)»
«Қазақ және орыс халық аспаптары» мамандығы
Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптар оркестрінің артисі (жетекшісі)»
«Хорға дирижерлік ету» мамандығы
Біліктілігі: «Оқытушы, хормейстер»
«Музыка теориясы» мамандығы
Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы»
«Ән айту» (академиялық, эстрадалық, домбырамен ән айту) мамандығы
Біліктілігі: «Академиялық (эстрадалық, дәстүрлі халық) ән айту артисі, ансамбль солисі»
«Хореографиялық өнер» мамандығы
Біліктілігі: «Би ансамблінің әртісі, оқытушы, хореографиялық ұжымның жетекшісі"
«Актерлік өнер»мамандығы (2026-2027 оқу жылы оқыту қазақ тілінде)
Біліктілігі: «Драмалық театр артисі»
«Кескіндеме, мүсін және графика» мамандығы
Біліктілігі: «Суретші»
«Дизайн» мамандығы
Біліктілігі: «Интерьер дизайны»
Қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады (мамандық бойынша 2 шығармашылық емтихан).
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25 маусым – 20 шілде.
Шығармашылық емтихандар өткізу мерзімі: 21 – 28 шілде.
Біздің мекенжайымыз: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Интернационал көшесі, 81 Телефон: 33-57-01
Komplekssko.edu.kz**
Қажетті құжаттар:
Құжаттарды қабылдау туралы өтініш (құжаттарды тапсыру кезінде қалыптастырылады)
Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
(+ бар болған жағдайда балалар музыка мектебін (ДМШ), студияларды және т.б. аяқтағаны туралы куәлік)
3х4 см өлшеміндегі цифрлық фото және 4 дана қағаз түріндегі фото
№ 075-У нысанындағы медициналық анықтама,
I немесе II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар және бала кезінен мүгедектігі бар тұлғалар үшін № 031-У нысанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы
Арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, әскери қызметшілер, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде жарақат алу (жаралану, контузия) салдарынан қаза болған (қайтыс болған) немесе мүгедектігі белгіленген медицина қызметкерлерінің балаларының мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (оның ішінде асырап алынған, өгей ұл-қыздар)
Жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат
Қызмет алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар өз мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:
шетелдік – Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
босқын – босқын куәлігі;
пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
қандас – қандас куәлігі.
«Хореографиялық өнер» мамандығына түсуші тұлғалар 112 немесе 26 нысанындағы медициналық құжаттарды ұсынады және Колледждің медицина қызметкерінің медициналық тексеруінен өтеді.
10 файлдан тұратын папка (жеке істі қалыптастыру үшін)
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) өзімен бірге жеке куәлігі және құжаттардың электрондық нұсқасына қол қою үшін ЭЦҚ кілті болуы қажет
2026-2027 оқу жылына «Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне оқуға қабылдау қағидалары
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі
Өнер колледжіне оқуға түсушілер үшін қабылдау емтихандары мен кеңес беру КЕСТЕСІ
Мекен-жайымыз: Петропавл қаласы, Интернацтонал көшесі, 81
Өнер колледжінде 53 орынға арналған жатақхана бар, ол кешеннің 5 қабатында орналасқан. Студенттер 100% жатақханамен қамтамасыз етілген.
Жатақханада 21 бөлме бар, бөлмелер екі, үш студент тұруға арналған. Жатақханада ас бөлме, санитарлық тораптар бар.
Бөлмелер ағаш керуеттермен, тумбылармен, кілемдермен, киімге арналған шкафтармен жабдықталған. Ас бөлмеде электроплиталар, тоңазытқыш бар. Жұмсақ жиһазбен, теледидармен жабдықталған демалыс бөлмесі бар.
Жатақханада тұратын студенттер жұмыс жоспарына сәйкес өтетін, әр түрлі іс-шараларға қатысады. Жатақханада Студенттік Кеңес жұмыс істейді, ол студенттерге оқу, мәдениет, санитарлық-гигиеналық, спорт және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды ұйымдастыруға көмек көрсету мақсатында құрылған.